ШҚО-да ҚАЖ қызметкерлері қару сақталған жасырын қойма тапты

10:22, 28 қазан 2021
417

© Сурет: ШҚО ҚАЖ Департаменті

ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ-156/15 мекемесінің жедел бөлімінің қызметкерлері қару жарақ жасырынған жерді анықтап, Семей қаласының полиция ​басқармасының қызметкерлерімен бірлесе отырып, жедел жұмыс жүргізді. Жұмыс жүргізу барысында Шығыс Қазақстан облысының Бородулиха тас жолында Макаров қаруы жасырылған қойма табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Семей-Ресей шекарасы" автокөлік тас жолының 2 шақырымында орналасқан аумақты тексеру барысында 9 мм Макарова тапаншасы мен 7 дана оқ табылды. Сонымен қатар, кейстен гранатаға ұқсайтын 1 дана көлемінде металл зат шығарылды.

Тәркіленген заттардың барлығы 37 жастағы Семей қаласының тұрғынына​ тиесілі екені анықталды.

"Семей қаласының ДП қызметкерлерімен бірлесе отырып, үйлесімді жедел жұмыс жүргізілді. Қызметкерлеріміздің қырағылығының арқасында нәтижелі әрі уақытылы жұмыс атқарылды", - деді жедел бөлім бастығының орынбасары Жеңіс Дәуренбеков.

Аталған ​ факті бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 287 – бабының ​ 3 – бөлігін басшылыққа​ ала​ отырып, ​ (қаруды, оқ – дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды заңсыз алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша қылмыстық іс қозғалды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!