ШҚО-да ішімдік ішкен оқушы қыз комаға түсті

16:49, 15 қаңтар 2018
432

Шығыс Қазақстан облысы Зырянов ауданында ішімдік ішкен 15 жастағы оқушы қыз бірінші сатыдағы комаға түсті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан YK-news.kz-ке сілтеме жасап.

Тоғызыншы сынып оқушысы Мәдениет және спорт сарайында алкогольді ішімдік ішкен. Кейін ол өзін жаман сезініп, іс-әрекетіне саналы түрде жауап бере алмайтын бірінші сатыдағы комаға түскен.

Қыздың ата-анасына қатысты полиция "Кәмелеттік жасқа толмағандарды тәрбиелеу міндетін орындамау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!