ШҚО-да 200 гектар жер өртеніп кетті
Шығыс Қазақстанның Күршім ауданы мен Семей қаласының іргесінде 200 гектар жазық дала өртке оранды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Күршім ауданындағы өрт кеше түс мезгілінде басталып, бүгін таңғы сағат 7-лер шамасында ауыздықталды. Қызыл жалынды ауыздықтауға жергілікті төтенше жағдай қызметінің 8 жауынгері мен 2 автоцистерна және ауыл Қырыққұдық елді мекенінің тұрғындары жұмылдырылған. Өрт 10 гектар жазықты қамтыды. Өрт сөндірушілер от шалған аумақты әлі бақылап отыр.
Семей қаласының іргесіндегі Шекеман ауылында да 100 гектар алқап отқа оранды. Өрт ауылға 5 шақырымдай жерге жетіп сөнген. Таңғы сағат 5.00-де оның соңғы ошағы жойылды.
«Өрттен зардап шеккендер жоқ. Егістік пен малға да зиян тимеген. Өрттің себептері анықталу үстінде» - дейді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Анастасия Скляр.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:59, 24 сәуір 2024
Отбасы Банкі «Наурыз» бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдауды бес күн бұрын бастауға дайын
-
12:40, 24 сәуір 2024
Қазақстандықтарға жаңа әлеуметтік көмек тағайындалды: ол қанша сома көлемінде
-
12:29, 24 сәуір 2024
«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры БҚО-да су тасқынынан зардап шеккендерге арнап 114 үй салады
-
12:07, 24 сәуір 2024
Қазақстанның шығысында жер сілкінді
-
11:55, 24 сәуір 2024
Автокөлікті тіркеу мен жүргіуші куәлігін алудың жаңа ережелері енгізілді