ШҚО-да ғашығын қызғанған әйел қарсыласын қылқындырып өлтірді

11:42, 20 қазан 2021
150

© Сурет: zakon.kz

Шығыс Қазақстан облысының полицейлері он жыл бұрын орын алған кісі өлімін ашты, деп хабарлайды zakon.kz.

2008 жылдың сәуір айында "Аягөз-Қарағанды" тас жолының жанынан Аягөз ауданының 35 жастағы тұрғынының мәйіті табылды.

Облыстық полицияның мәліметінше, алғашқы тергеу әрекеттері нәтиже бермеді және қылмыскердің жеке басын анықтау мүмкін болмады.

Алайда жұмыс тоқтаған жоқ.

2021 жылдың қазан айында полиция қызметкерлері күдіктінің ізіне түсті. Риддердің 51 жастағы тұрғыны ұсталды, ол жиналған дәлелдемелер мен айғақтарды ұсынғаннан кейін бірден мойындады.

Күдіктінің кісі өлтіру себебі – сүйіктісін қызғанған. Жәбірленуші сол кезде олармен бірге көңіл көтерген және жәбірленуші әйел оның жігітіне қырындаған. Хабарламада айтылғандай, қылмыскер құрбанды пальто белдігімен қылғындырып өлтірген, - деп нақтылады ведомство.

ШҚО Полиция департаменті бастығының орынбасары Талғат ШАЯХМЕТОВТЫҢ айтуынша, күдікті сот санкциясымен қамауға алынған.

Оған қатысты сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Егер ол кінәлі деп танылса, оған 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін, - деп түйіндеді ол.

Бақытжан Отарбаева


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!