ШҚО-да әскери қызметші жанып жатқан үйден 15 адамды алып шықты
"Шығыс" өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдерінің бірінде жұмыс істейтін әскери қызметші ефрейтор Қуандық Қанатов түнгі сағат 2-де жанып жатқан үйдің тұрғындарын эвакуациялауға қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өрт бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында шығып, екінші қабатты да шарпыған.
Осы үйде тұратын ефрейтор Қ. Қанатов ерлік танытып, қызметі барысында өрт қауіпсіздігі бойынша алған біліктілігінің арқасында өрт сөндіруге және өртке оранған ғимараттан 15 адамды алып шығуға көмектесті. Ғимараттан 79 адам, соның ішінде 20 бала эвакуацияланды.
"Менің орнымда кез келген адам солай істеуші еді. Біз мұндай жағдайда бір-бірімізге көмектесіп, абдырап қалмауымыз керек. Біз дайындықтар кезінде жараланған әріптестерімізді ұрыс алаңынан эвакуациялайтынбыз. Бұл менің әскери міндетім және азаматтық борышым", - деді Қуандық Қанатов.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:53, 19 сәуір 2024
ҚМДБ Бишімбаевтың оқиғасынан кейін азаматтық некеге қатысты пәтуаны көптің есіне салды
-
22:29, 19 сәуір 2024
Атырау қаласының әкімі кенеттен қайтыс болды деген фейк ақпарат тарады
-
22:14, 19 сәуір 2024
Су тасқынынан зардап шеккен азаматтар бүлінген қай мүлкі үшін өтемақы ала алады
-
22:00, 19 сәуір 2024
«Мектептерге теракт жасалады». Атырау полициясы анонимді Telegram-арнаның авторын тапты
-
21:43, 19 сәуір 2024
Гимнастикалық ат снарядында өнер көрсеткен Курбанов та Париждегі Олимпиадаға жолдама алды