ШҚО-да ер адам зейнеткерді бір күнде екі рет тонаған

15:30, 12 қараша 2018
282

Бұрын сотты болған өскемендік азамат 85 жастағы қарт әйелді жарты сағат ішінде екі рет тонаған, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Біріншісінде зейнеткерді итеріп жіберіп, қолындағы сөмкесін тартып алып тұра қашқан. Алайда, қашып бара жатқан жерінен сол маңдағы куәгерлердің бірі оны қолға түсіріп, сумканы иесіне қайтарып бергізген. Оқиға орнында зардап шегуші қарақшыны кешіріп, полиция бөлімшесіне шағымданудан бас тартады.

Бірақ қаскөй бұл бұзақылық әрекетімен тоқтай қоймаған екен. Егде жастағы азаматшаны үйіне дейін аңдып барып, екінші мәрте ұрлық жасаған. Осы жолы алып кеткен дорбаның ішінде тек тәттілер мен мың теңгеден аз ақша ғана болыпты.

Барлық басынан өткен жағдайдан соң жәбірленуші құқық қорғау органдарына хабарласуды жөн көрген. Қазіргі уақытта ұры темір торға тоғытылды. Енді ол өз жазасын 4 жыл 6 ай көлемінде қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемесінде өтейтін болады.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!