ШҚО да ер адам тәртіп сақшысын қорлады

20:35, 18 қараша 2021

© Сурет: pixabay.com

Шығыс Қазақстан облысы Қасым Қайсенов ауылының тұрғыны 20 сағаттық қоғамдық жұмысқа жегілді. Ер адам тұрғын үйдің подъезінде ішімдік ішіп, көршілерін балағаттаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тұрғындар өздерін қорлап, ескертулерге мүлде құлақ аспаған мас адамның үстінен учаскелік полицияға арызданды. Оқиға орнына келген инспектор мәселені оң шешуге тырысқанымен, ішімдікке сылқия тойып алған тұрғын оған да қарсылық білдіріп, 30 жастағы ер адам полиция қызметкерін де балағаттады.

Мас адамның салған лаңы бейнекамераға жазылып алынды. Кейіннен таспа сотта дәлел ретінде ұсынылды. Сот шешімімен оған 20 сағат қоғамдық жұмыстарға жегу түрінде жаза тағайындалды.

Сотталған ер азамат пробация қызметінің есебіне алынып, қоғамдық жұмыстарды орындау үшін жергілікті атқарушы органға жіберілді. Енді ер адам күніне төрт сағат бойы қала көшелеріндегі қоқыс жәшіктерін мен қарды тазалауы керек, - деп түсіндірді Өскемен қалалық пробация қызметінің басшысы Мақсат Манарбеков.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!