ШҚО-да 900-дей шырша шабуға рұқсат берілді

11:07, 7 желтоқсан 2018

Аймақтағы орман алқаптарымен өтетін жолдарға 40 бақылау-өткізу пункті орнатылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

– Аймақтағы орман алқаптарымен өтетін жолдарға 40 бақылау-өткізу пункті орнатылды. Сондай-ақ жаңа отырғызылған шыршаларды браконьерлерден қорғау үшін 80 мобильді топ құрылды, – деді облыстық жануарлар дүниесі және орман шаруашылығы инспекциясының жетекшісі Ерлан Упобаев.

Өткен жылғы есепке сенсек, жаңа жыл қарсаңында бір ғана ағаш заңсыз шабылыпты. Браконьерден қарағай тәркіленген болатын. Және оның өтемі 34 мың теңге болған.

Жаңа жылдық ағаштарды мекемелер мен ұйымдар арнайы өтініш беру арқылы ғана алады.

– Облыс көлеміндегі балабақша, мектеп, мекемелерде жаңа жылдық мереке өткізу үшін 880 шырша шабуға рұқсат берілді, – деді испекцияның өкілі.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!