ШҚО-да бір кәсіпкер 14 мұқтаж отбасыға соғым етін таратты
17:37, 25 қараша 2020
533
Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының атымтай азаматы мұқтаж отбасыларға соғым етін таратып берді.
Қазақ күресін дүниежүзіне әйгілеген спорт жанашыры Бәделхан Камалханұлы Сабуров әрдайым жағдайы нашар отбасыларға көмектесіп, қайырымыдылық жасайды, деп хабарлайды Алтайньюс.
"Өзін-өзі ойлаған жамандықтың белгісі, өзгені де ойлаған адамдықтың белгісі" дегендей, елімізге белгілі жерлесіміз, қазақ күресін дүниежүзіне әйгілеген спорт жанашыры Бәделхан Камалханұлы Сабуров әлеуметтік аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі жандары бар отбасыларға жыл сайын қайырымдылық жасап келеді. Биыл да сол атымтай жомарттығымен Ақсуат ауылындағы жоғарыда аталған санаттағыдай 14 отбасыға жеті жабағы таратып берді. Бір соғымды екі отбасыдан теңдей бөліп алды. Күн суытып қыс түскенде бұл халыққа үлкен қолдау болды. "Әр қазақ менің жалғызым" деп, туған жерге, оның тұрғындарына жанашырлық танытып жүрген Бәделхан Сабуровтың ізгілікті ісін жалғап әкетер азаматтарымыз ауданда көп болса екен дейміз", – дейді аудан әкімі Асхат Смайылов.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:55, 19 наурыз 2024
2024 жылы қанша қазақстандық әскери жиынға шақырылады
-
16:42, 19 наурыз 2024
Қазақстанда қандай ауылдар қала мәртебесін ала алады
-
16:29, 19 наурыз 2024
Петропавл тұрғыны мен банк қызметкері зейнеткерді интернет-алаяқтан құтқарды
-
16:11, 19 наурыз 2024
Сатылған көлікке салықты қалай төлеуге болады
-
15:51, 19 наурыз 2024
19 наурыздағы саудада доллар бағамы одан әрі өсті