Шілдеден бастап зейнетақыны есептеу жолы өзгереді

15:52, 25 маусым 2018
330

Алматы. 25 маусым. 7kun.kz – Зейнетақыны есптеудің жаңа методикасына бюджетке қосымша 129 млрд теңге аударылды. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғаудың вице-министрі Светлана Жакупова айтты, деп хабарлайды LS. 

Оның сөзінше, 1 шілдеден бастап базалық зейнетақыны тағайындау әр зейнеткер үшін жекелендіріледі.

«Егер бүгінде базалық төлемақының орташа көлемі 15 274 теңге болса, ал шілдеде 24 456 теңгені құрайды. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін бюджеттен қосымша 128,9 млрд теңге қарастырылған. Жалпы, 2018 жылға базалық зейнетақы төлемдері үшін 530 млрд теңге бөлінбекші», – дейді Светлана Жакупова.

Вице-министрдің айтуынша, шілдеден бастап базалық зейнетақыны тағайындау әр зейнеткердің еңбек өтіліне байланысты тағайындалады. Сонымен қатар, еңбек өтілінің 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі ынтымақтастық жүйесі де, одан кейінгі жинақтаушы жүйесі де ескеріледі.

«Автоматтандырылған ржимдегі жасы ұлғайған зейнеткерлерге бүгінде зейнетақыны қайта есептеу жасалып қойды. Электронды басқару порталында біз 1 шілдеден бастап тағайындалған базалық зейнетақы туралы ақпарат бру қызметін енгіздік. Әр зейнеткер бұл қызметті электрондықсандық қолтаңбасы немесе бірреттік СМС-код арқылы пайдалана алады», деп атап өтті Жакупова.

Бұл жаңа методика болашақ зейнеткерлер үшін, 2,1 млн-ді құрап отырған қазіргі зейнеткерлер үшін де қолданылмақ.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!