Шілдеден бастап зейнатақы төлемдерін тағайындау жеңілдетіледі

14:20, 22 мамыр 2018
460

Ағымдағы жылдың шілдесінен бастап зейнатақы төлемдерін тағайындау жеңілдетіледі. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режимдегі отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мәдина Әбілқасымованың айтуынша, ағымдағы жылы «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында Денсаулық сақтау министрлігі бірқатар ауқымды жобаны іске қосуды жоспарлап отыр. Оның бірі халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға арналған әлеуметтік еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесін жаңғырту болмақ. Жоба аясында азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру оңтайландырылады.

«Әр азамат зейнеткерлік жасқа жеткен кезде төлемнің төрт түрін мемлекеттік базалық зейнетақы, жасына байланысты ынтымақты зейнетақы, жинақталған зейнетақы, мемлекеттік кепілдік алуға құқылы. Осы төлемдерді алу үшін азамат бүгінгі күні бірнеше инстанцияға жүгінеді. Мысалы, мемлекеттік корпорацияға екі рет 2 өтінішпен базалық және ынтымақты зейнетақы тағайындау үшін, бір айдан соң тағы да өтінішпен мемлекеттік кепілдік мәселесі бойынша барады. БЖЗҚ-ға бір өтінішпен зейнетақы төлемдерін тағайындау мәселесі бойынша жүгінеді. Ағымдағы жылдың шілдесінен бастап осы тәртіп айтарлықтай жеңілдейді», - деді ол.

Оның сөзіне қарағанда, ендігі уақытта зейнеткерлік жасқа жеткен азаматтар зейнатақы төлемдерін тағайындау үшін бір жерге, «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясына ғана жүгінетін болады. Төлемдердің үш түрін тағайындау жөніндегі қызметтердің барлық спектры бар болғаны бір өтініштің негізінде композиттік түрде көрсетіледі.

«Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріндегі мәліметтер автоматты түрде пайдаланылып, көп құжат талап етілмейді. Ал мемлекеттік кепілдік төлемі өтініш бермей жүргізіледі. Яғни, төлем мөлшері автоматты түрде есептелінеді және қызмет алушының шотына аударылады. Төлемдердің барлық түрлері бір уақытта және бір банк шотына жүргізіледі. Ал қазір төлемдер әртүрлі көздерден алынады және алушының әртүрлі шотына аударылады. Бұл жаңалық зейнекерлік жасқа жеткен адамдардың шамамен 70 пайызына қатысты болады», - деді министр.



Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!