Шетелдіктерге шекаралық аумақтан жерді жалға алуға тыйым салынды

12:44, 25 сәуір 2018

Еліміздің жер аумағын жалға алуға тыйым салынған мерзім аяқталғанша, барлығы толығымен тексеріледі. Жауапты министрлік өкілдерінің хабарлауынша, бұл істі алдағы 3 жылда аяқтау жоспарланып отыр, деп хабарлайды Қазақстан Ұлттық телеарнасы.

Яғни, мәліметтер базасы жаңартылған соң, жалға алу мүмкіндігі қайта ұсынылады. Ал, шетелдіктерге бұл шарт қатаңдатылып, арнайы талап бойынша жүргізіледі. Бірақ, қандай негізде жүзеге асатыны алдағы уақыттың еншісінде.

Әзірге өзге елдің азаматтарына шекаралық аумақтан жерді жалға алуға толығымен тыйым салынып отыр. «Қазақстандықпен некеге тұрған күннің өзінде, оларға ешбір мүмкіндік қарастырылмайды», - дейді мамандар. Ал, ел азаматтары шекаралық аумақтағы жер телімдерін мал бағып, шөп шабуға емін-еркін пайдалана алады.

Рашит Әкімов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты: - Қабылданған заң жер қатынастары саласындағы мәселелерді бірден шешіп тастайды деп ойламаймыз. Дегенмен, осы заң жобасы мораторийде белгіленген мәселелерді шешуге толық мүмкіндік береді есептейміз. Болашақта Үкімет алдында ауыл аруашылық жерлеріне қатысты мәселелерді саяси-экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан сараптап, жан-жақты зерделеу міндеті тұр.

Азамат Нұғыманов


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!