Шетелдіктен 33 мың теңге қағып алған такси жүргізушісі ұсталды

17:02, 18 шілде 2019

Алматыда әуежайдан қалаға жеткізгені үшін 33 мың теңге ақы алған таксист табылып, ақша иесіне қайтарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шамамен бір апта бұрын Алматыда әуежайдан шетелдік туристті қалаға жеткізгені үшін ұялмай 33 мың теңге қағып алған такси жүргізушісі туралы факті желіде кеңінен тарап, ол қоғамдық талқыға түскен еді. Сөйтсе құзырлы орындар ол жүргізушіні жаппай іздестіріп, ақыры тауыпты.

Ал 18 шілдеде Шәкір Исламбакиев Facebook-тегі парақшасында ол такси жүргізушінің табылғанын жазды.

- Ақша иесіне қайтарылды. Шетелдік оны ауызсу жетіспеушілігімен күресетін WaterAid UK ұйымына сыйға тартуды жөн деп шешіпті. Осындағы Сіздердің жедел әрекеттеріңіздің арқасында ол мүмкін болды. Сол үшін журналистерге, әкімдік қызметкерлеріне, Visit Almaty, әуежайдың, полицияның баспасөз қызметіне алғыс айтамын. Сол күні-ақ әуежайда жиын өтіп, осы мәселе талқыланды. Өйткені ынсапсыз таксисттен зардап шегуші бұл бірінші турист емес қой.

Әуежай шешім қабылдапты. Минск қаласы әуежайындағыдай әр бағыттағы такси қызметтерінің орташа тарифтері көрнекі жерлерге ілініп қойылатын болды. Сондай-ақ, зардап шегушіге емес, таксистке қолдау білдіріп, пікір жазғандарға айтарым: заңсыздық бар жерде өзіміздікі немесе бөтендікі деген әңгіме болмауы керек. Біз үнемі ақиқат жағында болуымыз тиіс, - деп жазды ол.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!