Шетелдік нөмірдегі көлік иелері митингіге шыққалы жатыр

16:57, 16 қаңтар 2020

Оралда автокөлік иелері митингке өткізуге әкімдікке өтініш өткізді, деп хабарлайды zakon.kz.

Көлік иелерінің видеоүндеуі Асқар Шайқұмаровтың Youtube-тегі арнасында жарияланды.

Видео жанындағы жазбада Оралда бір топ азаматтың қала әкімдігіне Армения, Ресей және Қырғызстан нөміріндегі көліктердің қозғалысына енгізілген шектеуге қарсы митинг өткізу үшін өтініш қалдырғаны айтылады.

Ал видеода ер адам 25-26 қаңтарда Мәншүк Мәметова атындағы алаңда бейбіт митинг өткізуге өтініш бергенін хабарлайды.

"Егер олар рұқсат берсе, онда сенбі күні - 25-інде митингіге шығамыз, егер рұқсат бермесе, онда жексенбі күнге - 26-сына қайта өтініш түсіреміз", - дейді ол

Ол Оралда және осы өңірде шетелдік нөмірдегі көліктер көп екенін айтып, оның иелерін митингіге шығуға шақырады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!