Шетелден келген қазақстандықтар карантинге - ауруханаға жатқызылады
Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Садуақас Байғабылов ІІ-санаттағы елдерден Қазақстанға халықаралық рейстермен келетін қазақстандықтар мен шетелдік азаматтарға қазан айының бірінші онкүндігінде COVID-19 қойылатын жаңа талаптардың енгізілгенін айтты, деп хабарлайды zakon.kz.
- Қазіргі уақытта Көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің эпидемиологтары авиакомпаниялардың, әуежайлардың және басқа да мүдделі органдардың өкілдерімен бірлесіп, ІІ-ші санаттағы елдерден (21 елден) Қазақстанға әуе рейстерімен келетін барлық адамдарға қосымша талаптарды енгізуге байланысты жұмыстарды ұйымдастыру бойынша мәселелерді пысықтап жатыр. Авиакомпаниялар Қазақстанға билет сатып алатын жолаушыларға COVID-19 бойынша қойылатын қосымша талаптар туралы хабарлайды, - деді Байғабылов.
Шетелдіктерде мемлекеттік шекарадан өткізу үшін мерзімі үш тәуліктен аспаған COVID-19-дың бар-жоғын растайтын зертахананың анықтама қағазы болуы керек, әйтпесе олар ұшаққа мінгізілмейді.
- Қазақстан азаматтары шетеллден келгенде қолында осындай анықтамасы болмаған жағдайда, COVID-19-ға тест тапсырып, оның нәтижесін алғанша ауруханаға екі күндік карантинге орналастырылады. Өңірлерде осы мақсатта тиісті ауруханалар дайындалды. Жылдың басында бұл алгоритм бойынша халықаралық рейстер жұмыс істегенін, тек бұл жолғы айырмашылық жолаушылардың екі күндік карантинге орналастырылуында екенін атап өткен жөн. Осы жаңашылдықтың өз күшіне енгені туралы қосымша ақпарат беріледі, - деді Көліктегі бас санитарлық дәрігер.
ІІ-санатқа қандай елдер жататынын төмендегі кестеден таныс бола аласыздар.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:51, 28 наурыз 2024
Павлодарда жүкті жеңгесін ұрып-соққан ер адам қамауға алынды: бала шетінеп кеткен
-
22:22, 28 наурыз 2024
Ақтөбе облысындағы тағы бір ауданда төтенше жағдай жарияланды
-
22:00, 28 наурыз 2024
БҚО-да үйін су басқан 400-ге жуық адам тікұшақпен аудан орталығына жеткізіледі
-
21:43, 28 наурыз 2024
Қазақстанның Украинадағы елшілігі азаматтарымызға Одесса және Харьков облыстарынан кетуді ұсынды
-
21:00, 28 наурыз 2024
Ақтөбе облысының екі ауданында төтенше жағдай жарияланды