Шетелде діни білім алатын жастар қатаң бақылауда болады

13:24, 21 қыркүйек 2017
539

Шетелде діни ілім алатын жастар қатаң қадағалауда болады. Астанада теріс ағымға тосқауыл қоюдың тетіктерін талқылаған тағы бір жиын өтіп жатыр.

Жиында жастар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алудың ерекшеліктері талқылануда. Елдегі діни аудиторияға сыртқы теріс әсерлер күшейді дейді. Басқосуға жиналған қауым осылай деді. Бұған ақпараттық кеңістіктің ашықтығы және жаһандану процестері ықпал етуде. Сондықтан жастармен жүйелі жұмыс жүргізу керек. Сол үшін биыл алғаш рет жастар ұйымдары үшін 30 млн теңгеге 3 грант бөлінген. Жалпы алғанда Жастарды дамытудың жаһандық индексінде Қазақстан 183 елдің арасында 61-орынға тұрақтаған.

Берік Арын, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі: 

-Жастардың сана-сезімі әлі толық қалыптаспаған болғандықтан олар сыртқы әсерге бейім болады. Заңнамаға бірқатар өзгерістер әзірлеп жатырмыз. Басты өзгерістердің бірі шетелге өз бетімен теологиялық білім алуға кеткен жастарға байланысты болады.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!