Шенеуніктердің кесірінен 300-ден астам мүгедектігі бар адам көмектен қағылды

11:39, 30 маусым 2022

© Сурет: Zakon.kz

Қарасай ауданы прокуратурасы жүргізген талдаудың қорытындысы бойынша, мүгедектігі бар 300-ден астам адам шенеуіктердің кесірінен мемлекеттен кепілді көмек алмағаны анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

141 кәмелетке толмаған бала арнайы оқу бағдарламасымен ғана білім алуға мұқтаждығына қарамастан, жергілікті атқарушы орган тарапынан осы балалар назардан тыс қалып, білім алу құқығынан айырылған.Қарасай ауданы прокуратурасының баспасөз қызметі

Заңнама талаптарына сәйкес, жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдары мүгедектігі бар адамдарды оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес, мүгедектігі бар ересектер мен балалардың санаторий-курорттық емделуiн қамтамасыз етедіндігі айқындалған.

Алайда 51 адам санаторий-курорттық емдеуге жіберілмеген. 101 мүгедектігі бар адам заңнамамен бекітілген протездiк-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекшi (компенсаторлық) құралдармен, арнаулы жүрiп-тұру құралдарымен қамтамасыз етiлмеген.Қарасай ауданы прокуратурасының баспасөз қызметі

Оның ішінде 13 жасөспірімге аудандық мемлекеттік органдар есту құралдарын үлестірмеген.

Прокуратураның мәлімдеуінше, Қарасай ауданы көлемінде 5 мыңнан аса арнайы көмек талап ететін азаматтар бар екендігін атап өту қажет.

Осы тұрғындардың құқығын қорғау үшін прокурорлық қадағалау актісі енгізіліп, кінәлі түлғалар әкімшілік және тәртіптік жауапкершіліктерге тартылды.Қарасай ауданы прокуратурасының баспасөз қызметі

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!