Шекарашылар қару-жарақ пен есірткі тасымалдағандарды ұстады

11:00, 15 сәуір 2019

ҚР ҰҚК Шекара қызметінің "Солтүстік" өңірлік басқармасына қарасты Семей жеке тексеріп-өткізу пункітінің "Үбе авто" бөлімшесінде шекара наряды 13 сәуірі күні таңғы сағат 6:00 шамасында Ресейден "Камаз-5320" автокөлігімен келе жатқан 1978 жылғы қазақстандықты ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

- Автокөлікті тексеру барысында шекарашылар қорапқа салынған калибры 5,45 мм екі дана Калашников автоматын, оларға арналған 11 дана оқсауыт, 13 дана 7,62 калибрлы жарық және дыбыс беретін оқтар, Макаров тапаншасына арналған 10 дана оқсауыт және автомат пен тапаншаның қосалқы керек-жарақтарын тапты. Белгілі болғандай, табылған автоматтар пайдаланылудан алынып тасталған, қауіпсіздендірілген екен, - делінген хабарламада.

Ұсталған азамат Шемонайха аудандық полиция бөліміне тапсырылды. Тергеу амалдары жүріп жатыр.

- Сонымен қатар Семейге қарасты "Ауыл-теміржол" бөлімшесінің шекара наряды қызметтік иттің көмегімен "Алматы-Новосибирск" бағытындағы № 302 пойыздың вагондарының бірінің әжетханасынан "гашиш" есірткісі оралған түйіншек тауып алды. Қызметтік ит табылған есірткі затының иелері ретінде 39 және 23 жастағы екі қазақстандықты көрсетті, - деді ведомство өкілдері.

Ұсталған азаматтар есірткі заттарымен бірге Семей желілік полиция бөліміне тапсырылды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!