Шекарашылар қару-жарақ мен оқ-дәрілердің жолын кесті

12:57, 18 қараша 2019

Петропавл шекара жасағының "Жаңа жол" өткізу пунктінің шекара наряды РФ-дан ҚР-ға "Тойота LC-200" автомашинасымен келе жатқан 1971 жылғы туған РФ азаматын ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұстауға автокөліктің жүк салғышын тексеру кезінде табылған қару-жарақ арсеналдары себеп болды. Ұсталған жүктің толық тізімі: колиматорлық көздеуіші бар "Remington 870 express" қаруы - 1 дана, 366 калибрлі "TG-2" қаруы - 1 дана, 12 калибрдің оқ-дәрілері – 49 дана, 366 калибрдің оқ-дәрілері – 62 дана, магазин – 2 дана, 10х22 калибрлі "Grandpayer Т-10" травматикалық тапаншасы – 1дана, тапаншаның оқ-дәрілері – 18 дана, магазин – 2 дана.

Ұсталған азамат табылған заттарымен бірге Мамлют аудандық полиция бөліміне тапсырылды.

Қостанай шекара жасағының "Қайрақ" өткізу пунктінің шекара наряды ҚР-дан РФ-ға "Ауди" автомашинасымен кетіп бара жатқан 1983 жылғы туған РФ азаматын ұстады. Ұстауға жеке тексеру кезінде табылған марихуана себеп болды. Ұсталған азамат Қарабалық аудандық полиция бөліміне тапсырылды.

Қорғас шекаралық бақылау жасағының ШЫХО өткізу пунктінде ШЫХО-дан ҚР-ға жаяу келе жатқан 1999 жылғы туған екі ҚР азамат ұсталды. Олдардың қол жүктерінің ішінен Қытайда өндірілетін "MONT" маркалы 5000 дана темекі өнімдері табылды. "Алтынкөл" кедендік бекетінің қызметкеріне тапсырылды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!