Шекарадан Калашников автоматтарын алып өтпек болған қазақстандық азамат ұсталды

11:22, 18 сәуір 2019

"Қостанай" шекара отрядының "Қайрақ-авто" бөлімшесінде Ресейден жекеменшік "Шкода Рапид" автокөлігімен Қазақстанға қайтып келе жатқан 1993 жылы туған қазақстандық ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

- Шекара наряды ер адамның автокөлігінің жүксалғышынан, калибры 7,62 мм-лік, пайдаланудан алынып тасталған, залалсыздандырылған барлығы 6 дана Калашников автоматы және олардың 6 дана оқсауытын тапты. Тасымалдаушының айтуы бойынша бұл автоматтарды Мәскеуден коллекция және фильм түсіру үшін сатып алған, - деді ведомстводағылар.

Істің анық-қанығын тексеру үшін, ұсталған азамат қару-жарағымен бірге Қарабалық аудандық полиция бөліміне тапсырылды.

Сондай-ақ Петропавл шекара отрядының "Бидайық-авто" бөлімшесінде біздің елге келе жатқан 1975 жылғы Ресей азаматының автокөлігінен аңшы мылтығына арналған оқ-дәрі табылып, Уәлиханов ауданы бойынша полиция бөліміне тапсырылды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!