Шекарада Қытай дәрілерін заңсыз алып өтпек болған ер адам ұсталды

17:27, 18 қаңтар 2019
1987

Алматы облысында орналасқан Қорғас кеден бекетінде шекарашылар елімізге Қытай дәрілерін заңсыз алып өтпек болған ер адамды ұстады, деп хабарлайды «Хабар 24».

21 жастағы Қазақстан азаматының жүгін тексеру барысында төрт қорапта салынған жалпы салмағы 68,5 келі болатын түрлі дәрі-дәрмектерді анықтады. Бүгінгі күні ұсталған адамның барлық жүгі актіленіп, Алтынкөл бекетіне тапсырылды. Осы іске қатысты арнайы сараптама жүргізіледі. Ал жүктің иесі әкімшілік жазаға тартылатын болады.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Пікір