Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласы кім

20:55, 19 қараша 2021
32854

© Сурет: Instagram/aralas_zhekpe_zhek

Қазақстандық UFC спортшысы Шавкат Рахмоновтың келесі жекпе-жегі 5 ақпанда болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

27 жастағы қазақстандықтың қарсыласы - Гайана өкілі Карлстон Харрис. Ол аралас жекпе-жекте 21 кездесу өткізіп, оның 17-сін жеңіспен аяқтаған, ал 4 мәрте жеңіліс тапқан.
Шавкат Рахмонов барлық 14 жекпе-жегінде жеңіс тұғырынан көрінген. Соңғы жеңісін биыл 27 маусымда бразилиялық Мишель Празеристі тізе бүктіргенде тойлаған еді.


 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!