Шавкат Рахмонов UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінде қанша табыс тапты

10:07, 26 қазан 2020
105

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов UFC дебютінде бразилиялық Алекс Оливейрмен кездесіп, оны жеңіп кетті. Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары бұл үшін отандасымыздың қанша сыйақы алатынын жазды, деп хабарлайды zakon.kz.

Sportеkz порталына мәлім болғандай, Шавкат өткен демалыс күндерінде өткен жекпе-жекте 37 500 доллар табыс тапқан.

Рахмонов октагонға шыққаны үшін 10 000 доллар,

жеңісі үшін де 10 000 доллар,

UFC-дің жарнамалық бонусы - 3500 доллар болса,

сонымен бірге бразилиялық қарсыласының салмағы белгіленген шектен асып кеткені үшін Шавкатқа 20% мөлшерінде айыппұл төлейді, ол сома 14 000 долларға тең.

Айта кетсек, Оливейр бұл жекпе-жектен 61 000 доллар тапты, дегенмен кепілдендірілген жарна $ 70,000 болған еді. Оливейр UFC-ден 5000 доллар көтермелеуші бонусқа ие болды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!

Пікір