«Шарбақты шулап отыр». Павлодарда сайлау басталмай жатып, шыққан шуға әкімдік түсінік берді

20:13, 30 қаңтар 2023

© Сурет: Zakon.kz

Павлодар облысы әкімдігі БАҚ пен әлеуметтік желіде облыс аудандарының бірінде Парламент Мәжілісі мен түрлі деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының алдағы сайлауына негізгі және балама кандидаттардың тізімі туралы жарияланған ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айта кетсек, Facebook-тегі парақшасында журналист Болат Аманбай Шарбақты ауданында сайлау өтпей жатып аудандық мәслихат хатшысы мен облыстық мәслихат депутатын сайлап, шаруаны жайғап тастағаны туралы жазба жариялады. Онда Шарбақты ауданы бойынша бір  "основной", екі "альтернатива" тіркелетіні, екеуіне 700 мың теңге қажеттігі, ал аудандық мәслихатқа 11 "альтернатива", 11 резерв дайындап қойғаны жазылған. Сондай-ақ депутаттар тізімі тіркелген қағаздың суреті де берілген.

Бұл жағдайға қатысты түсінік берген облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі қала мен аудан әкімдіктері мұндай жұмыстарды жүргізбейтінін жеткізді, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

"Сайлау процесін ұйымдастырумен аумақтық сайлау комиссиялары айналысады. Жергілікті атқарушы органдар өз кезегінде дауыс беруге арналған учаскелерді орналастыру үшін қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, сайлаушылар тізімін қалыптастыру бойынша шаралар қабылдайды. Парламент Мәжілісі мен түрлі деңгейдегі мәслихаттар депутаттарын сайлау ашық әрі адал өтуі тиіс. Бұл маңызды қоғамдық-саяси іс-шара екені сөзсіз", – деді баспасөз қызметіндегілер.

Сондай-ақ әкімдікте халықты сайлауға белсенді қатысуға және тек сенімді ресми ақпаратқа сенуге шақырды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!