Шара аясында қос Ақтаудың әкімдері өзара ынтымақтастықты дамыту мақсатында меморандумға қол қойды

22:28, 26 қыркүйек 2020
428

Бүгін Маңғыстау облысының орталығы Ақтаудың 57 жылдығына орай, шаһар басшысы Нұрдәулет Игілікұлының шақыртуымен Қарағанды облысынан Ақтау кентінің әкімі Алтынбек Есмұрзаев бастаған арнайы делегация келді.

Бүгін екі өңірдің арасында сауда және экономикалық қатынастарды орнату мақсатында білім, мәдениет, денсаулық саласында ортақ жобаларды іске асыру мақсатында меморандумға қол қойдық. Алдағы уақытта тығыз әріптестік қарым-қатынаста боламыз деген үміттемін, - деді Ақтау қаласының әкімі Нұрдәулет Қилыбай.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!