Шамалғандағы апатта автобус ішінде болған жолаушы жүргізушісінің соңғы рет не дегенін айтты

11:07, 17 қыркүйек 2019
422

Куәгердің сөзінше, қайғылы жағдайдың алдында жүргізуші ешнәрсе істей алмайтынын айтқан. Ол автобустың есігін ашқаннан кейін, ішіндегі жолаушылар сыртқа қаша бастапты, деп хабарлайды Zakon.kz Almaty.tv-ға сілтеме жасап.

"Жұрт жүргізушіден есік ашуын сұрады. Есікті ашқаннан кейін, барлығы қашып шықты. Жүргізуші: "Мен ешнәрсе істей алмаймын", - деді. Сондықтан бәрі қашты. Ол көз жұмды", - дейді автобус жолаушыларының бірі.

Бұған дейін куәгерлер жүргізушінің шок жағдайында болғанын айтқан еді.

Еске сала кетсек, ірі апат Алматы облысының Шамалған станциясында орын алды. Автобус жүргізушісі сигналдарға қарамастан теміржолға шығып кеткен. Салдарынан үлкен жылдамдықпен келе жатқан пойыз автобусты қағып кетті. Оқиға орнында бір адам қаза тауып, тоғыз адам жарақаттанды. Олардың екеуі – бала, біреуі – әйел адам.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ірі жол апатына қатысты Twitter әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында көңіл айтып, тергеу амалдары басталғанын хабарлады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!