Шабуылдан кейінгі полиция ғимараттарының бейнежазбасы шықты

17:31, 20 қаңтар 2022

© Сурет: Zakon.kz

Алматы қалалық полиция департаменті шабуылдан кейінгі полиция ғимараттарының бейнежазбасын көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұрын хабарланғандай, 6 қаңтарға қараған түні қаланың Полиция департаментіне, Әуезов, Алмалы, Бостандық, Медеу, Жетісу аудандарының Полиция басқармаларына, сондай-ақ Алмалы аудандық ПБ жанындағы полиция бөліміне қарулы шабуыл жасалды.

Шабуылшылар автоматтарды, гранаталарды, “Молотов” коктейльдерін және басқа да атыс қаруларын қолданған.

Алматы Полиция департаментіне сағат 20:00-ден 05:00-ге дейін барлығы 27 шабуыл жасалды.

Полиция департаментінің хабарлауынша, Алмалы аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің ғимаратына жасалған шабуылды тойтару кезінде екі полицей қаза тапқан.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!