Сәрсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болады

10:11, 31 қазан 2018

Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын күтіледі, тек республиканың батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Кей жерлерде екпінді жел күшейіп, тұман, көктайғақ, бұрқасын сақталады. Бұл туралы zakon.kz Қазгидромет берген ақпаратқа сілтеме беріп хабарлайды.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ сақталады, түнде және таңертең жел 15-20 м/с күшейеді, бұрқасын болады.

Қарағанды облысының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын, жел 15-20 м/с сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жел күшейеді екпіні 15-20 м/с жетеді, түнде кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады.

Жамбыл облысында таңертең және күндіз тұман болады, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда, Павлодар облыстарында, күндіз Алматы, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз жел 15-22 м/с күшейеді.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде түнде тұман күтіледі. Атырау облысының кей жерлерінде түнде көктайғақ күтіледі.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!