Серікбай қажы Ораз Ақтөбе облысы əкімдігінде кеңес отырысына қатысты
Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Ақтөбе облысының əкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен əкімдік жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңейтілген Кеңес отырысына қатысты, деп хабарлайды muftyat.kz.
Кеңес жұмысын ашқан Бердібек Машбекұлы алғашқы сөзді Серікбай қажы Сатыбалдыұлына ұсынды.
Кеңесте сөз алған Бас мүфти: "Ислам - қоғамның рухани тірегі. Еліміздің тұрақтылығы мен ұлттардың өзара татулығының нығаюына үлес қосуда дін қызметкерлеріне де артылар жауапкершілік үлкен. Жұмыс барысында имам-молдаларды тарихи кезеңде ұдайы белсенді қызмет етуге үндеп келемін. Баршамыздың мүддеміз бір: қоғам тұрақтылығы мен татулығы", - деп атап өтті.
Кеңес жұмысында облыстық дін істері басқармасының басшысы Жолдас Қалмағанбетов, ҚМДБ-ның Ақтөбе облысы бойынша өкіл имамы Төлеби Оспан, "Ақтөбе" медресе-колледжінің директоры Əбдімүтəлі Дəуренбеков баяндама жасады.
Кездесу соңында Бас мүфти жергілікті түрлі саладағы мекеме басшыларының сұрақтарына жауап берді.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:42, 17 сәуір 2024
Ақтөбе облысының прокуратурасы бюджет қаражатының заңсыз жұмсалғанын анықтады
-
22:28, 17 сәуір 2024
Астанада адам саудасымен айналысқан Өзбекстан азаматы ұсталды
-
22:23, 17 сәуір 2024
Алматыда лай көшкіні жүріп, жолды бүлдірді
-
22:15, 17 сәуір 2024
«Бес бала уланды». Талғар ауданындағы мектептердің бірінде сырлау жұмысы жүргізілген
-
21:55, 17 сәуір 2024
Үндістаннан Қазақстанға әкелінген тырысқақ ошағының көзі жойылды