Серік Сәпиев қызметінен босатылу себебін түсіндірді

19:16, 19 қазан 2021

© Сурет: Instagram

Серік Сәпиев ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының қызметінен босатылуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды zakon.kz.

Достар! Мен, Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасы қызметінен өз еркіммен кетуге шешім қабылдадым. Мен, осы қызметті атқарған жылдары, жанымда көмек еткен барша басшыларға және әріптестеріме рахметімді білдіремін! Алайда, еліміздің спорт саласында еңбек ететін боламын, - деп жазды ол Instagram желісіндегі парақшасында.

Бүгін 2019 жылдың 30 қаңтарынан бері ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы болып келген Серік Сәпиевтің қызметінен босатылғаны белгілі болды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!