"Сендерде тиін болса, бізде үкі бар". Алматыға Ақмола жауап берді

15:52, 23 тамыз 2019
177

Ақмола облысының Научный ауылында алып үкі пайда болды. Оны жергілікті шаруашылықтың жас қызметкерлері жасаған, деп хабарлайды Zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Он адамнан тұратын топ кревтивті туындыны жасау үшін екі-ақ күн жұмсаған. Туындыны дүниеге әкелу үшін бар болғаны 50 келі бидайдың сабағы жеткілікті болыпты. Жас мамандар Шортанды ауданында өтетін "Дала дәні" атты ғалымдардың басқосуына келген. Осылайша, жастар қоғам назарын аударуды жөн көрген.

Айта кетсек, дәл осындай алып тиын өткен жылы Алматыдағы "Атакент" сауда-көрме орталығында бой көтерген болатын. Ол кезде имидждік жоба үшін қазынадан 23 миллион теңге жұмсалған.


Источник: zakon.kz


Пікір