Сенаттағы бір орынға 5 адам таласқа түсуде

16:56, 25 маусым 2020

Сенаттағы бір орынға бес үміткер өзара таласқа түсуде. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.

25 маусымдағы мәлімет бойынша, 88 адам өз кандидатурасын ұсынды. Сонда орташа есеппен бір депутаттық орынға 5 адамнан келеді, - деді Берік Имашев ОСК брифингінде.

Сенат депутаттығына үміткерлерді ұсыну 13 маусымда басталып 12 шілдеге, яғни сағат 18: 00-ге дейін жалғасады.

Сайлауға барлығы 254,7 миллион теңге бөлінді. Бұл ақша сайлау комиссияларын ұйымдастыруға, үгіт-насихат үнпарақтарын басып шығаруға, жол жүру және көлік шығындарына жұмсалады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!