Сенатта ҚР Жоғарғы Сотының судьялары лауазымына Президенттің ұсынысы қаралды

12:54, 2 желтоқсан 2020

Сенатта Президенттің ұсынысы бойынша ҚР Жоғарғы Сотының судьялары лауазымына сайлау және одан босату мәселелері қаралды, деп хабарлайды zakon.kz.

Владимир Волковтың төрағалық етуімен Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысы болды. Онда Президенттің ұсынысы бойынша Жоғарғы Соттың судьясы лауазымына сайлау және одан босату туралы мәселе талқыланды.

Отырыс қорытындысы бойынша Жоғарғы Сот судьясы лауазымына кандидатураларды Палатаның қарауына енгізу туралы шешім қабылданды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!