Сенатта электронды жүйе жоя алмаған 10 жемқор мемлекеттік қызметтің аты аталды

16:55, 7 қараша 2019
338

Көптеген мемлекеттік қызметтердің электронды форматқа ауысқанына қарамастан кейбір қазақстандықтар мәселесін бейресми түрде шешуге мәжбүр болып жүр, - деді Сенат төрағасы Дариға Назарбаева, деп хабарлайды Zakon.kz.

- Маған Transparency International халықаралық ұйымының "Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық жағдайының мониторингі" баяндамасы келіп түсті. Олар біздің азаматтарымыздың мемлекеттік органдарға шағымданған арыздарына талдау жасапты. Мұның бәрі қазір электронды форматта. Еліміздегі сыбайлас жемқорлық деңгейі айтарлықтай төмендегенін көрсеткен олар, бірақ соған қарамастан, азаматтарымыз көрсетіп берген әртүрлі деңгейде әлі де мәселе бар, - деді Назарбаева Сенаттың жалпы отырысында.

Сенат басшысы қазақстандықтар өз мәселелерін бейресми шешетін мекемелер тізімі ішінде полиция, мемлекеттік университеттер, мемлекеттік колледждер, сот, қала құрылысы бөлімі, жер қатынастары бөлімі, әскери есепке алу және шақыру бөлімдері, көші-қон қызметі, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімі, мемлекеттік балабақшалар бар екенін тізіп айтты.

- Сыбайлас жемқорлыққа жол беретін бағыттың ондық тобында бірінші дәрігер маманға қаралып, емделу деген тұр. Бірақ Денсаулық сақтау министрі электронды кезек деген бар, ел үйінде отырып-ақ кезекке тұрады деп бізді сендіреді. Жұмысқа тұру үшін, жер учаскесінің құжатын жасау үшін, баласын балабақшаға орналастыру үшін, тіпті баланы электронды кезекке қою үшін де бізде ақша беру керек екен. Бұл - жемқор салалар, - деді Сенат төрағасы.

Ол пара беруге итермелеу үшін мемлекеттік қызметкердің кеңінен тараған тәсілін де атап өтті. Мәселені тез шешпейді, керісінше адамның басын қатырып, ананы-мынаны сұрап, былықтырып, оны соза түседі.

- Адамдар құжатын тезірек жасау үшін, оның сапалы болуы үшін және тағы басқсы үшін қалтасынан ақша шығарады. Қазір біз "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасын белсенді түрде жүзеге асырып жатырмыз, бірақ бұл мәліметтер оның бәрі сәтті болып жатпағанын айғақтай алады, - деді Назарбаева.

Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш индустриясының вице-министрі Абылайхан Оспанов қазақстандықтардың өтінішін үнемі қабылдап, ведомствоаралық комиссия отырыстарын өткізетінін, нәтижесінде мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру бойынша 500-ге жуық жол карталары мақұлданғанын атап өтті.

- Онда электронды форматқа ауыстырылған көптеген қызметтер кірді, бірақ азаматтар бұл қызметтерді ала бермейді, немесе кейбір факторлар бойынша, сыбайлас жемқорлық қатері сақталады. Кейбір мемлекеттік қызметтер 2020-2021 жылдарға бекітілген, өйткені олар кейбір заңнамаға өзгерістер енгізуді талап етеді. 1 қарашадан бастап мекен-жай анықтамасын беруді оңтайландыру қарастырылған. Біз азаматтардың олардан талап етуді жалғастырып жатқанын көріп отырмыз, мемлекеттік органдар заңда бұл ақпаратты қажет етпеуі керек деп айтылған, - деді Оспанов.

Сенат төрағасы Дариға Назарбаева атап өткен, балабақшаларға электронды кезекте алға жылжу үшін қазақстандықтардың ақша төлеу фактісіне қатысты ведомствоның вице-министрі былай жауап берді:

- Ондай келеңсіз жайт аракідік кездесуі мүмкін. Мысалы, бір өңірден басқа жаққа көшкен кезде. Осы мақсатта Білім министрлігінде бірыңғай электронды кезек құрылған. Олар осы арада кілтипандар бар екенін аңғарып отыр, енді оны жетілдіріп, мәселені шешуге тырысады. Ана электронды кезектен мына электронды кезекке секіріп жүрмес үшін кіріп-шығуға болатын бірыңғай электронды кезек жүйесі ретінде оны жетілдіріп жатыр, - деді Абылайхан Оспанов.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!