Сенаторларға үш жылдық бюджет таныстырылды

20:30, 19 қазан 2017
416

Мәжіліс мақұлдаған үш жылдық бюджет туралы заң бүгін сенаторларға таныстырылды.

Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов жоғары палата депутаттарына басты қаржылық құжаттың құрылымын таныстырып, 2018 жылғы бюджет түсімі 8 трлн 578 млрд болатынын  айтты. 

Бұл былтырғыдан 1 трлн теңгеге аз. Мұны министр мұнайдан түскен табыстың төмендігімен түсіндірді. Құжатқа қатысты сенаторлар біраз сұрақ қойды. Мысалы Бірғаным Әйтімованы «Қазақтур» АҚ-ын қаржыландыру неге бюджет есебенінен жүргізілетіні қызықтырды.

Мәдениет және спорт вице-министрі Асқар Баталов: «Бұл қаржы ІЖӨ туризмнің үлесін 2025 жылы 8 пайызға жеткізу үшін қажет», – дейді. Ал Динар Нүкетаева бюджетте білім саласына бөлінетін ақшаның керісінше, азайып бара жатқанына алаңдаулы. 

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!