Сенат депутаты әйел мен бала зорлау үшін өлім жазасын ұсынды

13:02, 11 қыркүйек 2019

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы әйелдер мен балаларды зорлау қылмыстары үшін жаза ретінде өлім жазасын енгізуді ұсынады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сенатордың бұл пікірі айтылған бейнежазба ҚР Парламенті Сенатының сайтында жария етілді.

– Әйелдерге зорлық көрсету, әйел зорлау, әсіресе жас балаларды зорлау, бала ұрлау, адам ұрлау мәсеелері - бұл аса ауыр қылмыстардың қатарына жатады. Өкінішке қарай, біздегі қылмыстық кодекс бойынша, оларға берілетін жаза әлі де болса жеңілдеу. Алдыңғы жылдары бір топ сенаторлар осы мәселені көтергенбіз. Ауыр қылмыстарға өлім жазасын беру туралы. Бірақ өкінішке қарай, бұл ұсынысымыз қолдау таппады. Сондықтан мен парламент мүшесі ретінде айтарым, жалпы балаға, әйелдер, қыз балаларға жасалатын ауыр қылмыстарға біз өлім жазасын беруіміз керек, – деді Мұрат Бақтиярұлы.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!