Семейде жүріп бара жатқан көлік өртеніп кетті

15:25, 20 шілде 2018
371

Шығыс Қазақстанда бір тәулік ішінде екі рет автокөлік өртенуі жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Baq.kz ШҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бірінші көлік өртену жағдайы кеше Өскемен қаласында қалалық қоқыс тастайтын жерде болды. Сол маңда 1998 жылы шыққан Nissan Maxima көлігі өртеніп кетті.

Өрт көліктің қозғалтқыш бөлігін, салоны мен дөңгелек қабын шарпыған. Өрт салдарынан 1979 жылғы көлік жүргізушісінің қолы мен бетін 1,2 дәрежелі термикалық күйік шалды. Ер адам ауруханаға жатқызылды.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына шақыртудан кейін бірнеше минут өткен соң барып, 5 минут ішінде өртті ауыздықтады.

Екінші көлік Семей қаласында өртенді.

«Семей-Өскемен» тасжолы бойынан 17 шақырымдық жерде Hyundai маркалы көлік өртенді. Мотор бөлігіндегі бөлшектер мен алдыңғы дөңгелектер өртенген. Өрт сөндірушілер өртті 17 минутта сөндірді.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!