Семейде жүк көлігі мектеп оқушысын қағып кетті

11:27, 23 қараша 2017

Семейде кеше кешкі сағат 19.00 шамасында жүк көлігі мектеп оқушысын қағып кетті. Оқиға 35-ші квартал ауданындағы Гагарин көшесінің бойында болған, - деп хабарлайды Altaynews.kz.

Куәгерлердің айтуынша, жүк көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншілер жолағына келгенде бірден тежеуішті басқанмен, ол істен шығып көлік тоқтай алмай қалған. Сол мезетте көлік жолақ белгіден өтіп бара жатқан екі оқушының біреуін қағып өтіп, жол жиегіндегі дүкен кіреберісне соғылып барып тоқтайды.

– Бұндағы жаяу жүргіншілер жолағы аса қауіпті. Белгі жолда келе жатқан көлікке көрінбейді,өйткені оны осы маңдағы декоративті баспалдақ жауып тұрады. Жаяу жүргіншінің өтіп бара жатқанын да байқау қиын. Ал жолдың екінші жағын ағаш бұтақтары көлегейлеп тұр.Апат қараңғы түскен кезде болды, сондықтан жол үстінде өтіп бара жатқан балаларды байқау тіпті қиын. Көлік жүргізушісі балаларды көре сала лезде тежеушті басқаны байқалды,сол сәтте оқушылардың бірі алдыға қарай жүгіре жөнелді. Алайда жүк көлігі де солай қарай жүйткіп, жеткіншектердің бірін қағып кетті, ал екінші оқушы әрең дегенде апаттан аман қалды,- дейді оқыс оқиғаға куә болған тұрғындар.

Көлік қаққан жеткіншек жедел жәрдем көмегі жеткенше, сол жерде көз жұмды. Жүк көлігінің жүргізушісі оқиғадан соң есеңгіреп қалды. Полиция қызметкерлері әзірге аталған факт туралы ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.

Фото: altaynews.kz

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!