Семейде «жүйелі түрдегі» парақор Б.Сәлімов сотталды

16:59, 20 ақпан 2020
290

Шығыс Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "Семей қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ басшысы Б.Сәлімовке қатысты қылмыстық істі өндіріспен аяқталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Ол 2019 жылдың қыркүйек айынан қазан айына дейін эскиздік жобалар мен ситуациялық схемаларды келіскені үшін жеке кәсіпкерлерден жүйелі негізде пара алды деп күдіктелген.

13.02.2020 жылы Семей қаласының №2 сотының үкімімен Сәлимов мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойы айырылып, оған 8 785 000 теңге көлемінде айыппұл салынды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!