Семейде 5 жасар баланы зорлаған күдікті ұсталды

16:08, 24 қыркүйек 2018
279

Семейде 5 жасар баланы зорлаған қаскүнем ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

21 қыркүйек күні қалалық Ішкі істер басқармасына 41 жастағы азамат арыз берген. Қала тұрғынының айтуынша, белгісіз біреу 5 жастағы ұлын қорлаған.

Дереу жедел алдын алу шаралары ұйымдастырылып, криминалдық полиция қызметкерлері 26 жастағы қала тұрғынын ұстады. Ол бұрын істі болмаған.

Анықталғандай, жол бойында кетіп бара жатқан азамат тұрғын үйдің ауласында ойнап жүрген бүлдіршіндерді көрген. Жақын маңда ересектердің жоқтығын пайдаланып, 5 жасар ұлды Засядко көшесіндегі көпқабатты үйлердің жанындағы гараждардың арасына алып барған. Сол жерде пиғылын жүзеге асырған.

«Тергеу кезінде қылмысын мойындады. Қазір уақытша қамауға алынды. ҚР Қылмыстық кодекстің 121-бабы бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деді ШҚО ІІД баспасөз қызметінен.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!