Семейде Ертістің суына BMW түсіп кетті, бір кісі қаза тапты

14:57, 7 шілде 2020
875

7-ші шілдеге қараған түні Семейде кісі өлімімен аяқталған жол-көлік апаты орын алды, деп хабарлайды zakon.kz.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратынша, көпір үстіне келе жатқан жүргізуші қоршауға соғылып, сосын Ертіс өзеніне құлап, батып кетті.

BMW жүргізушісі – 1987-ші жылғы жігіт қаза тапты, 1990 жылғы жолаушы әйелді куәгерлер құтқарып қалды.

Автокөлік судан шығарылды.

ШҚО Полиция департаменті көлік құралының артынан полицейлер қуған деген ақпаратты теріске шығарып отыр.

Тергеу жүріп жатыр.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!