Семейде әлі 50 мың куб радиация қалдығы бар 

10:19, 9 тамыз 2018

Әлемнің алдыңғы қатарлы ғалымдары екі жылда бір бас қосып, ядролық қауіпсіздік мәселесін талқылайтыны белгілі. Биыл олар Алматыда жиылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Сонымен, ғалымдардың зертеуі нәтижесінде, Семейде дереу көзін жоймаса болмайтын 50 мың куб радиация қалдығы бар екендігі анықталып отыр.

– Бүгінде ядролық аймақтардың 62%-ы тексеруден өткен. Сөйтсе де топырақ құнарлылығын қалпына келтіруді қажет ететін аймақтар баршылық. Алдын ала белгілі болған мәлімет бойынша, 50 мың куб радиация қалдығы бар екен, – деді Энергетика министрлігінің атомдық және энергетикалық жобаларды дамыту департаментінің директоры Батыржан Қарагөзов.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!