Семейде ауруханада науқастар төсекке картон төсеп жатып жүр
Семейде білдей бір аурухананың төсек-орындарының әбден тозығы жеткен. Ем-дом қабылдап жатқан науқастар матрастың астына картон қағаз төсеуге мәжбүр болғанын айтады, деп хабарлайды zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.
- Мұндағы кереуетте жатып ұйықтау мүмкін емес. Міне, осындай "лайфхак" – темірлері жамбасымызға батпасын деп ойлап таптық. Матрастары жұп-жұқа.
"Міне осылай деп айтылатын" аурухананың кереуеті туралы видео әлеуметтік желіде таралуда. Темір төсектің тозып, матрастың жұқарып кеткені айтылған. Қазір бұл видео жұрт арасында қызу талқыға түсіп жатыр. Бірі ауруханаға түскенде өзімен бірге төсек-орнын апаратынын, енді бірі шаһардағы ауруханалардың төсектерін "жаңарту керек" екенін жазған. Жергілікті денсаулық сақтау мамандары жазбаша жауап қайтарумен шектелді. Олар темір кереуеттердің екі жылдай бұрын жаңартылғанын айтып ақталған", - дейді телеарна тілшісі.
Ержан Шәмшин, Семей қалалық №2 ауруханасының бас дәрігері:
- Атап өтейік, бұл – бір жарым жыл ішіндегі бірінші шағым. Төсеніш мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сай алынды. Және де биыл ішінара жаңалау жоспарланып отыр. Сондай-ақ мәселе науқастармен ашық әңгімелесу арқылы шешілді. Олардың ем-дом жүргізетін қызметкерлерге тағар міні жоқ.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:42, 25 сәуір 2024
Анна Данилина Португалиядағы турнирді сәтті бастады
-
21:08, 25 сәуір 2024
Атырау облысында өрт кезінде балалар қаза тапты: полиция оқиғаның егжей-тегжейін айтты
-
20:35, 25 сәуір 2024
Павлодарға қарасты ауылда тоқ соққан жасөспірім қайтыс болды
-
20:12, 25 сәуір 2024
Үсік, бұршақ, дауыл: Қазақстанның 14 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
19:50, 25 сәуір 2024
Қазақстанның екі облысында республикалық маңызы бар жолдар ашылды