Семей тұрғынын ұйықтап жатқан кезде егеуқұйрық тістеп алған

16:49, 10 қыркүйек 2018
800

Семейдің жедел жәрдем стансасына тұрғындардан ерекше қоңырау түсті, деп жазады Хабар 24.

Өткен түнде 57 жастағы әйелді ұйықтап жатқан кезде егеуқұйрық тістеп алған. Оқиға жер үйлердің бірінде болған. Дәрігерлер дереу жетіп, зардап шеккен тұрғынды жарақат бөліміне жеткізіпті. Мұнда алғашқы көмек көрсетіліп, ем шара тағайындалған.

Бұл туралы Семей қалалық жедел жәрдем стансасынан хабарлады.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!