Семей – Алакөл рейстік автобусы түгі қалмай өртеніп кетті

16:53, 12 шілде 2019
405

Таскескен мен Бақты арасындағы жолда рейске шыққан автобус өртеніп кетті, деп хабарлайды Zakon.kz ШҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Автобус Семей – Алакөл бағытында жолға шыққан болатын, 12 шілде күні таңертең тас жолдың Таскескен мен Бақты арасындағы учаскесінде өртеніп кетті. Lifan маркалы автобустың мотор жағынан басталған өрттен автобус толықтай жанып кеткен.

Автобуста 12 жолаушы болған. Бәрі аман-сау қалды. Жолаушылар жолшыбай көліктерге мініп, сапарын жалғастырды.

Таңғы 6.30-да өрт сөндірілді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!