Сейсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады

09:43, 16 қазан 2018
225

Оңтүстік, оңтүстік-шығыстың кей жерінде қатты жаңбыр жауады, тек оңтүстік-батыста жауын-шашын болмайды. Кей жерде жел күшейіп, тұман түседі, көктайғақ болуы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Жамбыл облысының кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін, жел жылдамдығы 15-20 м/с, түнде екпіні 23-28 м/с, облыстың оңтүстік-батысында 30 м/с және одан аса күшейеді.

Aқмола, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ, жел жылдамдығы 15-20 м/с болады.

Шығыс Қазақстан облысында желдің екпіні 25 м/с жетеді. Aлматы, Түркістан облыстарының кей жерінде тұман түсіп, жел жылдамдығы 15-20 м/с болады.

Aтырау, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман түседі.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!