Сейсенбі күні еліміздің басым аймағында ауа-райы жауын-шашынды болады

09:30, 21 мамыр 2019

Синоптиктер 21 мамыр күні болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауып, республиканың солтүстігінде түнде жауын-шашын күтіледі, тек батыста және және оңтүстік-батыста ауа райы ашық болады. Кей жерлерде жел күшейіп, найзағай, тұман, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз кей жерлерінде найзағай болып, бұршақ жаууы мүмкін, Ақмола, Қостанай облыстарында, күндіз Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан, Түркістан облыстарының кей жерлерінде найзағай, тұман күтіледі, жел 15-20 м/с артады.

Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай, тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда облысында түнде, Жамбыл облысында күндіз кей жерлерінде найзағай күтіледі, кей жерлерінде жел 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с күшейеді, Жамбыл облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы ықтимал.

Маңғыстау, Павлодар облыстарында, күндіз Алматы, Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Алматы облысында найзағай күтіледі.

Түнде Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде 1-6 градусқа дейін, Қостанай, Қарағанды облыстарында 3 градус, Ақтөбе облысында 1 градус, Батыс Қазақстан облысында топырақ бетінде 1 градус үсік болады.

Қызылорда, Түркістан, Алматы облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!