Сбербанк және Visa шектеусіз Cashback бар арнайы карта шығарды

09:09, 17 қазан 2018

Сбербанк халықаралық Visa компаниясымен серіктестікте бірегей дизайндағы және 1,3% Cashback бар "Gold" деңгейіндегі "ALL IN" дебеттік карталарының жаңа сериясын шығарды.

Visa ALL IN картасының бірқатар басымдылықтары бар:

Карта тегін ашылады.

Келесілер үшін комиссия алынбайды:

• жылдық қызмет көрсету;
• түгел қызмет көрсету мерзімі үшін;
• Қазақстанның кез-келген банкоматынан айына 500 000 теңгеге дейін қолма-қол ақша алған жағдайда
• Ресей аумағындағы кез-келген Сбербанк банкоматынан айына 50 000 АҚШ долларына (баламада) дейін ақша қаражатын алған жағдайда;
• қызмет көрсетудің барлық мерзіміне SMS-банкинг үшін;
• Қазақстанда желі ішінде "Сбербанк Онлайн" интернет-банкинг жүйесінде аударым жасаған кезде.

Төлем картасымен сауда және қызмет көрсету кәсіпорындарында төлем картасымен төлеген кезде, сондай-ақ, ғаламтор дүкендерінде онымен есеп айырысқан кезде ай қорытындысы бойынша сатып алу сомасының 1,3% мөлшерінде Cashback ақша қаражаты түрінде картаға қайтарылады. Бұл ретте есептелінетін Cashback-тың ең жоғары сомасы шектелмеген.

Жаңа картаның дизайны Қазақстанның бірегей ландшафты стиліне негізделген.

"Ұшы-қиыры жоқ көк аспан, биік тау шыңдары, еркін ұшып келе жатқан бүркіт және шексіз де шетсіз кең дала - Сбербанк жаңа картасының шексіз мүмкіндіктерін білдіреді, - деп атап өтті "Сбербанк" АҚ ЕБ Басқарма Төрағасының бөлшек бизнес жөніндегі орынбасары Алексей Акимов, - Бұл өз ақшаңызға тек ұқыпты қарауға ғана емес, сондай-ақ ұсталынған ақшаның бір бөлігін қайтару арқылы тиімді түрде үнемдеуге мүмкіндік беретін өте ыңғайлы өнім. Сондай-ақ, Cashback шектеусіз: карта иегері көбірек ақша ұстаған сайын ай соңында карточкалық шотқа көбірек ақша қайтарылады".

Қосымша басымдығы - "ALL IN" картасынан әлем бойынша халықаралық төлем жүйелерінің кез-келген картасына аударымды жүзеге асыру мүмкіндігі.

Толығырақ.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!