Сбербанк басшысы Елдар Теңізбаев қызметінен босады

20:39, 1 шілде 2022

© Сурет: Сбербанк

Қазақстан Сбербанкі басшылығында кадрлық өзгеріс орын алды. Басқарма төрағасы Елдар Теңізбаев орнын босатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сбербанк жетекшісі ретінде ол 10 жылдан астам уақыт жұмыс істеді. 2020 жылдың қаңтарында басқарма төрағасы болды. Бұл тағайындау әлемдік пандемия және одан кейінгі қиындықтармен сәйкес келді.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, осы лауазымға кандидаттарды іріктеу кезеңінде банк Басқармасы төрағасының міндетін Нұрсұлтан Тасқаранов атқаратын болады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!