Саяхатта тапа-тал түсте балалы әйелге бір ер адам тап берді

14:58, 12 қыркүйек 2019

Алматыда ер адам тапа-тал түсте көшенің қақ ортасында қоларба сүйреген әйелге бас салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл оқыс оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.

"Видео автордың айтуынша, кеше түскі 15.20 шамасында Саяхат маңында қоларба сүйреген әйелге бір ер адам бас салған", - делінеді kris.p.almaty сайтындағы видео сипаттамасында.

Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі 102 пультіне 11 қыркүйек күні 15.40-та осы оқиғаға қатысты қоңырау келіп түскенін растады. Жәбірленушінің айтуынша, ер адам оның мойнындағы алтын алқаны жұлып алмақшы болған.

- Кезекші шұғыл-әрекет ету тобы оқиға болған маңды тексеріп шықты. Арбасында баласы бар 28 жастағы әйелге мығым денелі азиат ер адамның шабуылдағаны анықталды. Күдіктінің белгілері бойынша барлық патрульдік полиция бригадаларына нұсқау берілді. Қазіргі уақытта Жетісу аудандық полиция бөлімінде арнайы қылмыстық-тергеу тобы құрылды, оның құрамына қаланың криминалды полициясының өкілдері де кіреді. Тергеу ісіне бейнебақылау камераларынан алынған дәйектер тіркелді. Қаскөйдің кім екені анықталып жатыр. Жақын арада ол қамауға алынады. Бұл іске қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 191-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуісі қозғалды, - дейді полициядағылар.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!